Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Гүлнара Каримованың $10 млн ақшасы қайтарылды

ТАШКЕНТ. 14 мамыр. Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың шетелдерде жатқан 10 млн доллар ақшасы елге қайтарылды. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.

«Өзбекстан әділет министрлігі мен бас прокуратурасының күш салуы нәтижесінде бірінші президент Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың қылмыстық жолмен жинаған мүліктері елге қайтарылды», – делінген хабарламада.

Әділет министрлігі хабарлағандай, 14 мамыр күні Франциядан 10 миллион доллар көлеміндегі активтер Өзбекстанға қайтарылған.

Бұл қаржылардың Өзбекстан мемлекеттік бюджетіне түсіріліп, жалпы тәртіппен пайдаланылатыны айтылған.

Министрліктің мәліметінше, «активтерді қайтару жөніндегі барлық келіссөздер мен іс-шаралар Өзбекстан заңнамасы мен халықаралық құқыққа сәйкес ресми деңгейде жүргізіліп жатыр».

Хабарланғандай, бас прокуратура және әділет министрлігі тиісті ведомстволардың қатысуымен, Швейцария, АҚШ, Франция, Ресей Федерациясы және басқа де елдердің құзырлы органдарымен бірге Г. Каримованың қылмыстық жолмен жинап алған 1,3 млрд доллар сомасындағы активтерін қайтару жолында жұмыс жасасып жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button