Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 5571-ге жетті
АСТАНА. 14 мамыр. Өткен тәулікте елімізде 154 вирус жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 5571-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Бүгін таңертең сағат 09:00-де дейін тіркелген 154 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 50, Астана қаласы – 30, Атырау облысы – 25, Ақтөбе облысы – 8, Маңғыстау облысы – 8, Алматы облысы – 7, Батыс Қазақстан облысы – 6, Түркістан облысы – 6, Шымкент қаласы – 5, Қарағанды облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Жамбыл облысы – 1, Павлодар облысы – 1.
Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер қатарынан Қызылорда, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары табылды.
Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1678, Астана қаласы – 1148, Атырау облысы – 457, Батыс Қазақстан облысы – 272, Шымкент қаласы – 250, Қызылорда облысы – 231, Қарағанды облысы – 204, Жамбыл облысы – 199, Түркістан облысы – 196, Алматы облысы – 190, Ақтөбе облысы – 184, Павлодар облысы – 155, Маңғыстау облысы – 138, Ақмола облысы – 110, Қостанай облысы – 68, Шығыс Қазақстан облысы – 55, Солтүстік Қазақстан облысы – 36.
Осы кезге дейін 2476 адам жазылып шықты.
Олар аймақтар бойынша былайша бөлінеді: Алматы қаласы – 555, Астана қаласы – 501, Қызылора облысы – 183, Шымкент қаласы – 160, Атырау облысы – 130, Батыс Қазақстан облысы – 130, Қарағанды облысы – 129, Түркістан облысы – 117, Павлодар облысы – 108, Алматы облысы – 97, Жамбыл облысы – 96, Ақмола облысы – 95, Ақтөбе облысы – 62, Қостанай облысы – 36, Маңғыстау облысы – 31, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Шығыс Қазақстан облысы – 17.
Қайтыс болғандар – 32 адам.
Олар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 6, Ақмола облысы – 4, Астана қаласы – 3, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.
Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.