Коронавирус кеселінің тарау қарқыны әлі қатты
АСТАНА. 13 мамыр. Кешегі тәуліктің соңында еліміз бойынша 177 вирус жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 5417-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Кешегі түстен түнгі сағат 23:59-да дейін тіркелген 177 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Атырау облысы – 92, Алматы қаласы – 32, Астана қаласы – 15, Жамбыл облысы – 13, Батыс Қазақстан облысы – 11, Шымкент қаласы – 6, Түркістан облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 1.
Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер қатарынан Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары табылды.
Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1628, Астана қаласы – 1118, Атырау облысы – 432, Батыс Қазақстан облысы – 266, Шымкент қаласы – 245, Қызылорда облысы – 231, Қарағанды облысы – 200, Жамбыл облысы – 198, Түркістан облысы – 190, Алматы облысы – 183, Ақтөбе облысы – 176, Павлодар облысы – 154, Маңғыстау облысы – 130, Ақмола облысы – 110, Қостанай облысы – 68, Шығыс Қазақстан облысы – 52, Солтүстік Қазақстан облысы – 36.
Осы кезге дейін 2287 адам жазылып шықты.
Олар аймақтар бойынша былайша бөлінеді: Алматы қаласы – 485, Астана қаласы – 459, Қызылора облысы – 181, Шымкент қаласы – 150, Атырау облысы – 127, Батыс Қазақстан облысы – 121, Түркістан облысы – 112, Қарағанды облысы – 111, Павлодар облысы – 104, Алматы облысы – 97, Ақмола облысы – 94, Жамбыл облысы – 93, Ақтөбе облысы – 55, Қостанай облысы – 33, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Маңғыстау облысы – 19, Шығыс Қазақстан облысы – 17.
Қайтыс болғандар – 32 адам.
Олар мына аймақтарда тіркелді: Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 6, Ақмола облысы – 4, Астана қаласы – 3, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.
Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.