Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Тоқаев: Мемлекеттік басқаруда реформа жүргізіледі

АСТАНА. 13 мамыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару саласында орын алғалы тұрған реформа туралы сөз қозғады. Бұл туралы «NewTimes.kz» хабарлады.

Президент мұны өзінің Twitter-дегі аккаунтында жазды. Мұнда ол коронавирустан кейінгі кезеңде елдің басты басыңқы бағыты қандай болатынын атап өтті.

«Мемлекеттік басқаруда реформа жүргізілетін болады. Вирустан кейінгі кезеңде де бастамашылдықтың белгілі бір қуатын сақтап қалудың, өзіңе жауапкершілік қабылдаудың маңызы зор. Бізге жағдайдың өзгеруіне жедел жауап қайтара алатын жаңартылған тиімді де ықшам мемлекеттік аппарат қажет», – деп жазды ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ елдің қазіргі алмағайып кездегі басты басыңқы бағыттарын да атады. Бұлардың қатарына ол қазақстандықтардың денсаулық жағдайын, бизнесті дамытуды, білім беру мен ғылымды жаңғыртуды қосты. «Экономиканың жаңа құрылымын құруымыз керек. Тек сонда ғана біз құлдыраудан шығып, өсім траекториясына бағыт аламыз», – деді ол.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button