Құрылыс сапалы, шығын аз болуы керек – Сапарбаев
ТАРАЗ. 13 мамыр. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы құрылыс нысандарын аралау барысында осылай деді. Бұл туралы «Знамя труда» газеті хабарлады.
Бүгінде Жамбыл облысында спорттық құрылымын жаңғырту бағытында 120 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың 13-і жаңадан салынуда, бұлардың бәрі – денешынықтыру-сауықтыру кешендері, ал 92 спорт алаңы мен 2 стадион күрделі жөндеуден, 12 нысан ағымдағы жөндеуден өтуде.
Осы жобалардың айтарлықтай бөлігі Тараз қаласында. Олардың саны – 41. Бұлар 3 денешынықтыру-сауықтыру кешенін, 35 алаңды құрайды, «Ұлан» стадионы күрделі жөндеуден, мектеп оқушыларының стадионы ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр.
Бердібек Сапарбаев нысандарды аралау кезінде мердігерлерден шығынды ықшамдап, жобаның құнын төмендетіп, сапасын арттыруды, сондай-ақ жақын маңдағы әлеуметтік мекемелерге қолдау көрсетуді талап етті.