Саудия салықты үш есе көбейтті. Қазаны ортайғаны ма?
ЭР-РИЯД. 13 мамыр. Сауд Арабиясының билігі пандемия қысымындағы экономиканы көтеру мақсатында қосымша құн салығын (НДС) үш есеге дейін көтеру жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы bbc.com хабарлады.
Сондай-ақ қымбатшылыққа қосымша ретінде бюджет қызметкерлеріне төленіп келген күнкөріс минумын төлеу де тоқтатылды.
Коронавирус пандемиясы фонында қуат беретін көздер бағаларының түсіп кетуі мен әуе жолдары қатынастарының тоқтатылуына байланысты елдің қазынасына түсетін ақша күрт азайып кетті.
Саудияда бұдан екі жыл ғана бұрын ел экономикасының мұнай шикізатының әлемдік бағасына тәуелді болып қалмауы үшін қосымша құн салығы енгізілген еді.
Енді жаңа ереже бойынша қосымша құн салығы 1 шілдеден бастап 5 пайыздан 15 пайызға дейін көбейеді, өмір сүрудің қымбатшылығына байланысты төленетін қосымша төлем 1 маусымнан біржола тоқтатылады.
«Бұл шаралар халыққа оңай тимейді, бірақ елдегі орта және ұзақ мерзімді перспективаның қаржылай және экономикалық тұрақтылығын қолдау үшін қажет», – деді қаржы министрі Мохаммед әл-Джадаан ресми мәлімдемесінде.