22 Қараша, 19:11
RAST.kz
USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Таразда Жамбылдың 175 жылдығын тойлау шаралары басталды

27 Ақпан 2021 22:58
- Аймақ, Жаңалықтар
Таразда Жамбылдың 175 жылдығын тойлау шаралары басталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАРАЗ. 27 ақпан. Кеше Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар басталды. Бұл туралы облыстық әкімдік баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Шара жұма күні көрнекті ақынның туған күні қарсаңында облыс орталығындағы еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды.

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстанның Халық әртістері Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев, Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Өмірбек Байгелди, ақын Жүрсін Ерман және еліміздің басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы Отанға деген сүйіспеншілікке толы. Оның туындылары әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ десек, бүгінгі өскелең ұрпақтың да  бойына патриоттық сезімдерді сіңіру аса маңызды», – деп атап өтті Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов.

«Биыл біз қазақтың айтулы тұлғаларының бірі, нағыз халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Бұл датаны тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем ескеруде. Оның «Ленинградтық өренім» деген өлеңі Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградтың барлық көшелерінде үгіт-насихат парақтары ретінде ілініп, сонау қиын жылдарда бүкіл Кеңес халқына рух берген-ді. Жамбыл Жабаев қазақ ауыз әдебиетінің қайталанбас тұлғасы ретінде шетелдерде де кеңінен танымалдылығы біз үшін үлкен мәртебе», – деді Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Өмірбек Байгелди.

Жалпы, еліміз бойынша және Жамбыл облысында ақын мерейтойына орай бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған. Мәселен, бүгін Таразда «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық айтысы өтіп жатыр. Оған еліміздің әр аймағынан 20 ақын қатысуда.

Сондай-ақ, «Қазақ-қырғыз» түркітілдес елдердің зиялы қауым өкілдерінің форумын, «Жамбыл және түрік жыршылық дәстүрі» халықаралық фестивалін, «Ұлы дала ақыны» ғылыми-практикалық конференциясын және басқа да шараларды өткізу көзделген.

Таңбалар: Бердібек СапарбаевЖамбыл Жабаевжамбыл облысышара

Ұқсас мақалалар

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін мәлімдеме жасады

17.08.2026
Қызылордада Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өткізілді
Аймақ

Қызылордада Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өткізілді

07.08.2026
Денсаулық сақтау министрі Таразда аналар өліміне қатысты тапсырма берді
Әлеумет

Денсаулық сақтау министрі Таразда аналар өліміне қатысты тапсырма берді

06.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist