ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Вирус: Соңғы кез Астана көш басын бермей келеді

АСТАНА. 12 мамыр. Өткен тәулік ішінде республикада 84 вирус жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 5240-қа жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Соңғы оншақты күннен бері Астана қаласында індет қатты өршіп тұр. Тым арыға бармай-ақ мына күндердің көрсеткіші соны анық байқатады: 6 мамыр – 31; 7 мамыр – 99; 8 мамыр – 42; 9 мамыр – 98; 10 мамыр – 46; 11 мамыр – 25, ал бүгін – 29.

Кешегі түстен бүгінгі таңертеңгі 09:35 сағатқа дейін тіркелген 84 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Атырау облысы – 38, Астана қаласы – 29, Алматы қаласы – 6, Шымкент қаласы – 6, Қарағанды облысы – 6, Жамбыл облысы – 6, Түркістан облысы – 6, Қостанай облысы – 6, Ақтөбе облысы – 4, Батыс Қазақстан облысы – 3, Қызылорда облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2.

Өткен тәулікте вирустан «аман» кеткендер қатарында Алматы, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары болды.

Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1596, Астана қаласы – 1103, Атырау облысы – 340, Батыс Қазақстан облысы – 255, Шымкент қаласы – 239, Қызылорда облысы – 231, Қарағанды облысы – 197, Түркістан облысы – 186, Жамбыл облысы – 185, Алматы облысы – 183, Ақтөбе облысы – 176, Павлодар облысы – 154, Маңғыстау облысы – 130, Ақмола облысы – 110, Қостанай облысы – 68, Шығыс Қазақстан облысы – 51, Солтүстік Қазақстан облысы – 36.

Келесі дерек: Осы кезге дейін 2074 адам жазылып шығып, 32 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандар қатарына Шымкент қаласынан бір адам қосылды.

Сауығып шыққандар аймақтар бойынша былайша бөлінеді: Алматы қаласы – 456, Астана қаласы – 416, Қызылора облысы – 161, Шымкент қаласы – 135, Атырау облысы – 121, Батыс Қазақстан облысы – 101, Қарағанды облысы – 99, Жамбыл облысы – 92, Ақмола облысы – 91, Түркістан облысы – 89, Алматы облысы – 87, Павлодар облысы – 82, Ақтөбе облысы – 54, Қостанай облысы – 30, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Маңғыстау облысы – 17, Шығыс Қазақстан облысы – 14.

Қайтыс болғандардың есебі мынадай: Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 6, Ақмола облысы – 4, Астана қаласы – 3, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button