Түрік футболшысы 5-тегі ұлын тұншықтырып өлтірді
АНКАРА. 11 мамыр. Түркия футболшысы Джевхер Токташ коронавируспен ауырған 5 жасар ұлын тұншықтырып өлтірді. Бұл туралы түріктің «Daily Sabah» газеті хабарлады.
Анадолы еліндегі «Бурса Йилдиримспор» әуесқой клубында ойнайтын футболшы бес жасар ұлын өзі өлтіргенін мойындап, полицияға келді.
Бұдан біраз күн бұрын бала жерленген де екен. Бірақ отбасындағылар мен дәрігерлерді түгел қосқанда да, оның өлімі адам қолынан қолынан келгенін ешкім біле қоймапты. Дәрігерлердің қорытынды түйінінде сәбидің ауру салдарынан қайтыс болғаны атап көрсетілген.
«Daily Sabah» басылымының хабарлауынша, Токташтың ұлы коронавируспен ауырған. Оны дене қызуы қатты көтеріліп, жөтелі тыйылмай тұрған кезінде ауруханаға алып кетіпті. Баламен бірге 32 жастағы әкесі де кеселханаға еріп барған.
Ер кісі палатада ұлымен бірге жатады. Ал 23 сәуір күні ол дәрігерлерді шақырып келеді. Бұл кезде баланың тыныс алуы қиындап кеткен екен. Жансақтау бөлімі де оның жанын алып қала алмайды. Дәрігерлер өкпеге залал келгенін білдіріп, баланы пневманиядан көз жұмды деген шешімге келеді.
Бірақ мойнына баласының қанын жүктеген Джевхер содан бері өзін қоярға жер таппайды. Сөйтіп, полицияға өзі келіп беріледі. Ол офицерлерге бұл өлімге ұлының азабын жеңілдету үшін бармағанын айтып берді, тек палатада ешкімнің жоқтығын пайдаланып, баланы бас салып тұншықтырған… себебі, «оны ешқашан жақсы көрмеген». Қанішер әке ұлын өлтіруінің мотиві осы екенін жеткізді.
Қазір полиция марқұм баланың денесін зираттан шығартып, эксгумация жасаттырады. Сонда Токташтың айтып отырғаны қаншалықты шындық екені толық анықталады.
***
Rast.kz: Дегенмен, осындай адамдарды жер қалай көтереді екен?! Рас айтамыз.