Путин шағын бизнесті салықтан құтқарды
МӘСКЕУ. 12 мамыр. Ресей президенті Владимир Путин пандемия салдарынан шағын және орта бизнестің салықтарын сызып тастауды тапсырды. Бұл туралы «Медуза» басылымы хабарлады.
Коронавирустан көбірек зиян көрген жеке кәсіпкерлердің, шағын және орта кәсіпорындардың, сондай-ақ коммерциялық ұйымдардың 2020 жылдың екінші тоқсанындағы барлық салықтары мен қамсыздандыру жарналары алынып тасталатын болды.
Ресей президенті еңбекпен қамтуға қолдау көрсету туралы жаңа кредит бағдарламасы туралы мәлімдеді. Оны коронавирустан зардап шеккен кәсіпорындардың бәрі пайдалана алады. Кредит бір қызметкерге бір ең төменгі айлық мөлшерінде 2 пайыздық жеңілдетілген ставкамен беріледі. Оны жабу уақыты 2021 жылдың 1 сәуірі болып белгіленеді.
Егер кәсіпорын кредиттік бағдарлама мерзімі мұғдарында жұмыспен қамтуды 90 пайызға дейін сақтап қалатын болса, оның алған кредитінің жартысы сызып тасталады.