Коронавирус: тәулік ішінде «бесмыңдық шеп» алынды
АСТАНА. 10 мамыр. Қазақстанда өткен тәулік ішінде вирус жұқтырудың 114 оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 5036 болды. Сөйтіп, «бесмыңдықтың» де шеңберіне кірдік. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Кешегі түстен бүгінгі таңертеңгі 09:45 сағатқа дейін тіркелген 114 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Астана қаласы – 46, Батыс Қазақстан облысы – 21, Алматы қаласы – 12, Маңғыстау облысы – 7, Атырау облысы – 6, Қарағанды облысы – 5, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Қызылорда облысы – 3, Шымкент қаласы – 3, Ақмола облысы – 3, Түркістан облысы – 2, Жамбыл облысы – 1.
Тәулікте вирустан «аман» кеткендер арасында Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1571, Астана қаласы – 1049, Атырау облысы – 296, Батыс Қазақстан облысы – 239, Қызылорда облысы – 229, Шымкент қаласы – 229, Қарағанды облысы – 191, Алматы облысы – 182, Жамбыл облысы – 178, Түркістан облысы – 174, Ақтөбе облысы – 172, Павлодар облысы – 154, Маңғыстау облысы – 120, Ақмола облысы – 109, Қостанай облысы – 61, Шығыс Қазақстан облысы – 48, Солтүстік Қазақстан облысы – 34.
Келесі дерек: Осы кезге дейін 1766 адам жазылып шығып, 31 адам қайтыс болды.
Сауығып шыққандар аймақтар бойынша былайша бөлінеді: Алматы қаласы – 391, Астана қаласы – 369, Қызылора облысы – 156, Шымкент қаласы – 119, Қарағанды облысы – 92, Атырау облысы – 91, Ақмола облысы – 90, Батыс Қазақстан облысы – 86, Жамбыл облысы – 75, Түркістан облысы – 69, Алматы облысы – 63, Павлодар облысы – 49, Ақтөбе облысы – 34, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Қостанай облысы – 26, Маңғыстау облысы – 14, Шығыс Қазақстан облысы – 13.
Қайтыс болғандардың есебі мынадай: Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Астана қаласы – 3, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.
Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.