АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Түркістандық өзбектер Мақтааралға көмек көрсетті

ТҮРКІСТАН. 11 мамыр. Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени қоғамдық бірлестігі су тасқынының зардабын шеккен мақтааралдықтарға 10 млн теңгенің көмегін жіберді. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

«Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жариялана салысымен жедел штаб құрып, эвакуацияланған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету үшін керек-жарақтың бәрін күнделікті жинай бастаған», – делінген хабарламада.

Белгілі кәсіпкер, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Баходыр Ирисметов басқаратын Түркістан қалалық өзбек этно- мәдени бірлестігі мақтаралдықтарға азық-түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар, гигиеналық құралдар, жиһаздар тиелген гуманитарлық көмекжеткізді. Көмек керуенінің жалпы құны – 9 млн 862 мың теңге.

«Мақтааралда орын алған су тасқыны – Мырзашөл жұртының ғана қайғысы емес, бүкіл халықтың қайғысы. Осындай қиын сәтте барша халық Мақтаарал тұрғындарымен бірге екендіктерін көрсетіп, қолдан келгенжәрдемін беріп жатыр. Түркістан қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де күн-түн демей осы елдің тез еңсе тіктеуіне тілеулес болуда. Қазір эвакуациялық орталықтарда орналасқан азаматтардың сұранысы азық-түлік емес киім-кешек, көрпе-төсек пен гигиеналық заттар. Осы жайтты ескеріп, біз нағыз қажетті заттарды әкелуді жөн көрдік. Біз жеңбейтін қиындық жоқ», – дейді мүшесі Баходыр Ирисметов.

Түркістандық этно-мәдени бірлестік жөнелткен көмек керуеніндегі жүк кеше облыстық штаб қоймасына түсірілді. Жұрт аманатын аман-есен жеткізіп берген бірлестік жетекшілері мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button