Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Илон Маск ұлына «X Æ A-12» деген есім берді

ЛОС-АНДЖЕЛЕС. 9 мамыр. Америкалық миллиардер Илон Маск пен әнгі Граймс жаңа туған ұлдарын «X Æ A-12» деп атауға ұйғарым жасады. Бұл туралы People басылымы хабарлады.

Газеттің хабарлауынша, X Æ A-12 деген ұшақтың атауы екен. Алайда, тиісті органдар мұндай атауды тіркеуден бас тартыпты.

Бала Лос-Анджелесте туған. Ал аталмыш қала орналасқан Калифорния штатының заңы бойынша, туу туралы куәлік берілерде нәрестенің есімі «ағылшын алфавитінің 26 әрпінен көп болмауға тиіс». Символдар ішінен тек апростоф пен сызықшаға ғана рұқсат етіледі.

Миллиардердің отбасылық адвокаты Дэвид Гласс баланың аты таза техникалық болғанымен, оған тыйым салынбайтынын, бірақ тіркеуге жатпайтынын мәлімдеді. Бұл жағдайда Грайс пен Масктің сотқа апелляция берулеріне болады, алайда, онда ұтып шығу мүмкіндіктері өте-мөте аз. Сондықтан енді оларға үйреншікті аттардың бірін таңдауға тура келеді.

Соған қарамастан, сәбидің ата-анасы өздері таңдаған есімнің ерекшеліктері жөнінде әлеуметтік желіде жазып үлгерді. Мысалы, Грайс А-12 дегеннің ЦРУ үшін жасалған «SR-17» атты биікте ұшатын жоғары жылдамдықты ұшақ жасап шығаруға негіз болған «Lockheed A-12» барлаушы ұшағына сілтеме жасайтынын баяндады. «Бұл – біздің сүйікті лайнеріміз. Ешқандай қарудың, ешқандай қорғаныс қабатының керегі жоқ, тек қана жылдамдық керек. Ұрыста керемет көрінеді», – деп жазды әнші. Артынша оған Илон да үн қатты. Бірақ Маск оның сөздеріне күллі елдің алдында «SR-17 емес, SR-71», деп түзету жасады..

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button