Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Маск өзінің Америка партиясын құратынын жариялады

УАШИНГТОН. 6 шілде. Әлемнің ең бай адамы, америкалық олигарх Илон Маск өзінің «Америка партиясы» атты партия құратынын мәлімдеді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Илон Маск бұдан бір күн бұрын миллионнан астам адам қатысқан X әлеуметтік желісіндегі сауалнамасы қорытындысына сәйкес, «өз бостандығыңды қайтару үшін» «Америка партиясын» құратынын жариялады.

Әлемдегі ең бай адам, бизнесмен, SpaceX негізін қалаушы және Tesla-ны жасаушылардың бірі Илон Маск өзінің жеке партиясы – «Америка партиясын» құратынын баяндады.

«Бүгін Америка партиясы сізге еркіндігіңізді қайтару үшін құрылды», – деп жазды кәсіпкер шілденің 5-і, сенбі күні өзіне тиесілі X әлеуметтік желісінде.

Миллиардер бір күн бұрын АҚШ-тың Тәуелсіздік күні «Америка партиясын құру керек пе?» сауалнамасын жүргізді, оған 24 сағат ішінде 1,3 миллионға жуық адам дауыс берді. Оның қорытындысы бойынша «екі партиялық жүйеден тәуелсіздік алу» идеясын қатысушылардың 65 пайыздан астамы қолдады. Былайша айтқанда, америкалықтар кезектесіп билейтін екі партиялық жүйеден шаршаған сыңайлы.

Сауалнама АҚШ президенті Дональд Трамп «үлкен, әдемі» салық заңын енгізгеннен кейін және борыш шегін арттыру мүмкіндігінен кейін қолға алынды. Бұл бастама америкалық кәсіпкердің қатаң сынына ұшырап, Ақ үй басшысымен жанжалдың басты себебі болды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button