Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Тоқаев: мақтааралдық әрбір тұрғынға – 100 мың теңгеден!

АСТАНА. 9 мамыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіне Мақтаарал ауданының тасқыннан жаппа шеккен әр тұрғынына 100 мың теңгеден берілетінін жазды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

«Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда», – делінген жазбада.

Президент мұның сәл алдында «Су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетін болады», – деп атап көрсеткен болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button