Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Болат Өтемұратов Мақтааралға 6 млн доллар шығарды

АСТАНА. 8 мамыр. Белгілі кәсіпкер Болат Өтемұратов Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 6 млн доллар ақша бөлді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Болат Өтемұратов қорының қаржыландыруымен 150 тұрғын үй салынады», – делінген хабарламада.

Салынған үйлерге «Достық», «Жаңа тұрмыс» және «Жеңіс» ауылдарының тұрғындары көшіріледі.

Осы тәртіппен салынатын жаңа шағын коммуникация тартылып, балалар бақшасы мен мектептер салынады.

Айта кетейік, өткен жылы Болат Өтемұратов қоры Қызылорда қаласында 100 көп балалы отбасы үшін Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккен 100 отбасы үшін тұрғын үй салуды қаржыландарған болатын. Аталмыш жобаларды жүзеге асыруға 1,3 миллиард теңге қаржы жұмсалды.

Еске салайық, 1 мамыр күні таңертең Өзбекстанның Сырдария ауданындағы Сардоба су қоймасы тоғанының бір бұрышы жырылып кетіп, содан қашқан судың салдарынан тасқын орын алған еді. Өзбекстандықтар жағдайды жеңілдету үшін судың бір бөлігін Қазақстан жеріне баратын «Абай» каналына айдады. Сол судың әсерінен Мақтаарал ауданының шетін су ала бастады. Бұдан әрі өзбек жерінен келетін су көлемі күрт көтеріліп, тасқынның нөпірі күшейе түсті. Бұл мұнда бірнеше ауыл мен жүздеген гектар егістік алқаптың су астында қалуына апарып соқтырды.

Осыған байланысты Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button