Грузия Киевтен елшісін кері қайтарып алды
ТБИЛИСИ. 8 мамыр. Грузия билігі елдің экс-президенті Михаил Саакашвили Украинада реформа комитетінің атқарушы директоры болып тағайындалғаннан кейін Киевтен өз елшісін кері шақырып алуға шешім қабылдады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Бүгін картвель елі сыртқы істер министрлігінің басшысы Давид Залкалиани журналистерге Теймураз Шарашенидзенің неге кері қайтарылғанын баяндап берді.
«Грузияның сот жүйесі соттап, іздеу жариялаған адамды стратегиялық әріптес етіп тағайындау біздің тарапымыздан көп сұрақ туындатады, сондықтан Украинадағы төтенше және өкілетті елші Теймураз Шарашенидзені кеңесу үшін Тбилисиге шақырып алу туралы шашім етілді», – деп мәлімдеді Залкалиани.
Ол Саакашвилидің реформа комитетінің атқарушы басшысы болып тағайындалуына байланысты Грузия Украинамен дипломатиялық қатынасты үзбейтінін білдірді.
Осы күні сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский Саакашвилидің 7 мамырда ұлтық реформалар кеңесіне басшы болып тағайындалуына байланысты Грузия елшісінің Киевтен өз еліне шақыртып алынып жатқанын қателік деп есептейтінін айтты. Ол бұл туралы 8 мамыр күні Луганск облысына сапары кезінде мәлімдеді.
Зеленский Украина мен Грузия арасындағы жақсы қарым-қатынастың сақталып қала беретінін жеткізді.