26 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тимур Құлыбаев «Алматы» әуежайын түріктерге сатты

8 Мамыр 2020 18:36
- Әлеумет, Жаңалықтар
Тимур Құлыбаев «Алматы» әуежайын түріктерге сатты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 8 мамыр. Қазақстандық бизнесмен Тимур Құлыбаев өзінің бағынысындағы компанияның меншігі болып табылатын «Алматы» халықаралық әуежайын Түркия холдингіне сатты. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» хабарлады.

«Түркияның «TAV Airports» холдингі өзінің концоруциум бойынша әріптесі «VPE Capital» компаниясымен бірге «Алматы» халықаралық әуежайының 100 пайыздық акциясын сатып алды. Сауда-саттықтың мәмілесі 415 миллион долларға тоқталған», – делінген агенттік хабарламасында.

«TAV Airports» холдингінің мұндағы үлесі 75 пайыздан кем емес, ал акцияларды өткізу барлық заңдық процедуралар жасалып болғаннан кейін жүзеге асырылады.

Баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, «Алматы» әуежайы түрік холдингінің портфеліндегі 15-ші аэропорт болмақшы.

«Біз өзіміздің қоржынымызға «Алматы» аэропортының келіп қосылғанына қуаныштымыз, бұл Азия мен Еуропа арасындағы маңызды торапқа айналады, Алматы Қытайдан Еуропа мен Азияға тартылған «қазіргі заманғы Жібек жолының» бойында орналасқан. Қазақстан – аймақтағы географиялық жағынан да, экономикалық жағынан да ең ірі ел, ал Алматы – Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 20 пайызын бақылайтын елдегі ең ірі қала. Біз «Алматы» әуежайының өсуіне айтарлықтай әлеует бар деп есептейміз және білімімізге сүйене отырып, оны толық игеруге барымызды саламыз», – деп атап өтті «TAV Airports» холдингінің президенті Сани Шенер.

«Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының егесі болып табылатын Нидерландтың «Venus Airport Investments B.V» компаниясы өзінің үлесін сатып алатын талапкерді баяғыдан іздеп жүрген болатын. Қазақстан қор биржасының сайтындағы мәліметтерге сай, Амстердамда тіркелген «Venus Airport Investments B.V» компаниясының «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының бірден-бір, яғни жалғыз акционері екенін білуге болады. Ал «Venus Airport Investments B.V», құжатта атап көрсетілгендей, өз кезегінде Тимур Құлыбаевтың Сингапурда тіркелген «Steppe Capital Pte. Ltd» компаниясына толығымен бағынады.

Түріктің «TAV Airports» холдингіне Ыстанбұлдағы Ататүрік атындағы әуежай қарайды. Компания Латвияда, Хорватияда, Солтүстік Македонияда, Сауд Арабиясы мен Тунисте бірқатар терминалдарға егелік етеді, сондай-ақ өзінің әріптесі – франциялық ADP компаниясымен бірге әлемнің 40 аэропортында қызмет көрсетеді.

Алматы әуежайы – 1935 жылы салынған, Қазақстандағы ең ірі әуе гаваны. 2019 жылы мұнда 6 млн 422 мың 721 адамға қызмет көрсетілді.

Таңбалар: Алматы аэропортыТимур Құлыбаев

Ұқсас мақалалар

Құлыбаевтың Атыраудағы мұнай компаниясына 14 млрд теңге айып салынды
Дәулет

Құлыбаевтың Атыраудағы мұнай компаниясына 14 млрд теңге айып салынды

05.08.2024
Құлыбаевтың 1,1 млрд теңгеге дауласқан фирмасы сотта тағы ұтылды
Жаңалықтар

Құлыбаевтың 1,1 млрд теңгеге дауласқан фирмасы сотта тағы ұтылды

19.02.2024
Ұлттық Олимпиялық комитет депутаттар сынына орай мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

Ұлттық Олимпиялық комитет депутаттар сынына орай мәлімдеме жасады

04.02.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist