Індеттің беті қайтатын түрі көрінбей тұр
АСТАНА. 8 мамыр. Қазақстанда өткен тәулікте 188 инфекция жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 4690-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Кешегі түстен бүгінгі таңертеңгі сағат 09:40-қа дейінгі (Астана уақытымен) тәулік ішінде тіркелген 188 дерек аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 79, Астана қаласы – 42, Атырау облысы – 16, Батыс Қазақстан облысы – 7, Түркістан облысы – 7, Қарағанды облысы – 5, Ақмола облысы – 5, Маңғыстау облысы – 4, Жамбыл облысы – 3, Қостанай облысы – 3, Қызылорда облысы – 2, Шымкент қаласы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Солтүстік Қазақстан облысы – 1.
Тәулікте вирустан «аман» кеткендер арасында Ақтөбе, Алматы және Павлодар облыстары бар.
Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1501, Астана қаласы – 905, Атырау облысы – 256, Қызылорда облысы – 225, Шымкент қаласы – 224, Батыс Қазақстан облысы – 217, Қарағанды облысы – 180, Алматы облысы – 176, Ақтөбе облысы – 172, Жамбыл облысы – 171, Түркістан облысы – 169, Павлодар облысы – 152, Маңғыстау облысы – 109, Ақмола облысы – 106, Қостанай облысы – 61, Солтүстік Қазақстан облысы – 34, Шығыс Қазақстан облысы – 32.
Келесі дерек: Осы кезге дейін 1518 адам жазылып шығып, 31 адам қайтыс болды. Бұл жолы көз жұмғандар қатарына Павлодар облысынан бір адам қосылды.
Сауығып шыққандар аймақтар бойынша былайша бөлінеді: Астана қаласы – 347, Алматы қаласы – 331, Қызылора облысы – 148, Шымкент қаласы – 90, Ақмола облысы – 89, Атырау облысы – 84, Қарағанды облысы – 83, Батыс Қазақстан облысы – 59, Түркістан облысы – 58, Жамбыл облысы – 55, Алматы облысы – 45, Ақтөбе облысы – 34, Солтүстік Қазақстан облысы – 28, Павлодар облысы – 20, Қостанай облысы – 18, Маңғыстау облысы – 12, Шығыс Қазақстан облысы – 11.
Қайтыс болғандардың есебі мынадай: Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Астана қаласы – 3, Қарағанды облысы – 3, Павлодар облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.
Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.