Алишер Усманов тасқынға орай Өзбекстанға $10 млн берді
Қазір Ресей азаматы болып табылатын тегі өзбек белгілі меценат Алишер Усманов Сардоба су қоймасының тоғаны бұзылып кетуі салдарынан жапа шеккен өзбекстандықтарға көмек ретінде 10 миллион доллар қаржы бөлді. Бұл туралы Podrobno.uz хабарлады.
Мұны Усмановтың өзі Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевқа жазған хатында атап өтті.
«Балалық және жастық шақтарым өткен туған жерімдегі өзімнің бауырларымның, іні-қарындастарымның қазіргі эпидемиологиялық қиындықтарға тап болып тұрған кезінде Сардоба су қоймасында қайғылы оқиға орын алғаны, біздің адамдардың ондағы сынақтарға ерлікпен қарсы тұрғандары туралы хабар маған да оңай тиген жоқ», – деп жазыпты меценат.
Рамазан айы өтіп жатқан кезде болған бұл оқиғаны ести отырып, оған қол ұшын созып, жәрдем бермеуді лайықсыз санаған миллиардер Сырдария облысының Сардоба ауданында топан судан зардап шегіп жатқан халыққа 10 млн доллар ақша бөлуді жөн санағанын мәлімдейді.
Еске сала кетейік, Алишер Усманов кеше ғана Сардоба су қоймасы бөгетінің жырылып кетуінен болған тасқыннан зардап шеккен Қазақстанның Мақтаарал ауданының тұрғындарына 5 миллион доллар қаржы жіберген болатын.