ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Коронавирус: Тәуліктегі «антирекорд» – 225 дерек

АСТАНА. 7 мамыр. Қазақстанда өткен тәулікте 225 инфекция жұқтыру оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 4502-ге барды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Бұдан бұрын 20 сәуір күні 214 науқас тіркеліп, «антирекорд» жасалып еді, бүгін одан да асып түсті. Сөйтіп, пандемия басталғалы бергі ең жоғары нүктеге жеттік.

Кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі тәулік ішінде тіркелген 225 дерек аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Астана қаласы – 99, Алматы қаласы – 30,  Атырау облысы – 17, Маңғыстау облысы – 17, Алматы облысы – 13, Батыс Қазақстан облысы – 7, Түркістан облысы – 7, Шымкент қаласы – 6, Қарағанды облысы – 6, Жамбыл облысы – 6, Қызылорда облысы – 5, Қостанай облысы – 5, Ақтөбе облысы – 4, Солтүстік Қазақстан облысы – 3.

Тәулікте вирустан «аман» кеткендер арасында Павлодар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары бар. Көптен бері бүгін бұл тізімнен Солтүстік Қазақстан облысы шығып қалды.

Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1422, Астана қаласы – 853, Атырау облысы – 240, Қызылорда облысы – 223, Шымкент қаласы – 222, Батыс Қазақстан облысы – 210, Алматы облысы – 176, Қарағанды облысы – 175, Ақтөбе облысы – 172, Жамбыл облысы – 168, Түркістан облысы – 162, Павлодар облысы – 152, Маңғыстау облысы – 105, Ақмола облысы – 101, Қостанай облысы – 58, Солтүстік Қазақстан облысы – 33, Шығыс Қазақстан облысы – 30.

Келесі дерек: Осы кезге дейін 1408 адам жазылып шығып, 30 адам қайтыс болды.

Сауығып шыққандар аймақтар бойынша былайша бөлінеді: Астана қаласы – 336, Алматы қаласы – 273, Қызылора облысы – 144, Ақмола облысы – 89, Қарағанды облысы – 82, Атырау облысы – 82, Шымкент қаласы – 74, Батыс Қазақстан облысы – 59, Түркістан облысы – 57, Жамбыл облысы – 55, Алматы облысы – 40, Ақтөбе облысы – 34, Солтүстік Қазақстан облысы – 28, Павлодар облысы – 19, Қостанай облысы – 16, Маңғыстау облысы – 11, Шығыс Қазақстан облысы – 9.

Қайтыс болғандардың есебі мынадай: Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Астана қаласы – 3, Қарағанды облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button