25 Тамыз, 07:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңа заңға сәйкес ардагер санатына кімдер кіреді?

7 Мамыр 2020 18:16
- Әлеумет, Жаңалықтар
Жаңа заңға сәйкес ардагер санатына кімдер кіреді?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 7 мамыр. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында ардагерлер санатына кімдер енетінін атап өтті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Бүгін Мемлекет басшысы қол қойған «Ардагерлер туралы» Заң бойынша ардагерлер санатына кімдердің кіретіні анықталды. Ол санатта Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардан бөлек, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарға қатысушылар да бар. Осыған орай Берік Уәли ардагерлер санатына кіреін топтарды былайша түгел атап шықты:

«Жаңа Заң ардагерлерге арналған жеңілдіктерді жүйелеп, реттейді. Мемлекет тарапынан қолдауға ие болатын тұлғалардың тізімі кеңейтіліп, нақтыланды. Жалпы, аталған заң барлық ардагерлерге, соның ішінде майдангерлер мен тылда жұмыс істеген еңбеккерлерге тиімді әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Заң бойынша ардагерлер санатына кіретін адамдардың қатары кеңейтілген. Ардагерлер қатарына Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардан бөлек, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарға қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдар және еңбек ардагерлері кірген.

Осы жерде «Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне кімдер жатады?» деген мәселенің басын ашып көрсеткен дұрыс шығар.

Олар:

1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

4) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

5) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

6) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

7) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

8.) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Жалпы алғанда жаңа Заңда ардагерлердің мәртебесі айқындалып, оларға көрсетілетін көмектердің дәрежесі жан-жақты анықталып, нақтыланған.

Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «МИР» телерадио кешеніне сұхбат берді. Сұхбат барысында «Ардагерлер туралы» жаңа Заң жайында айта келіп, Жеңістің 75 жылдығына орай майдангерлерге көрсетілетін көмек турасына да тоқталды.

«Әрбір майдангерге 1 миллион теңге көлемінде көмек беріледі. Бұл шамамен 2500 долларды құрайды. Тылда еңбек еткен ардагерлер де назардан тыс қалмайды. Әрбір қазақстандықтың отбасында соғыстың салған ізі бар. Сондықтан 9 мамыр – біз үшін еске алу күні», – деді Мемлекет басшысы.

Таңбалар: ардагер

Ұқсас мақалалар

Өмірі өнегенің өрісі еді
Аймақ

Өмірі өнегенің өрісі еді

01.07.2026
ҚҰС ЖОЛЫНДАҒЫ КЕРУЕН
Жаңалықтар

ҚҰС ЖОЛЫНДАҒЫ КЕРУЕН

22.02.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist