ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда бір тәулікте 87 вирус дерегі ғана шықты

АСТАНА. 4 мамыр. Қазақстанда өткен тәулікте 87 инфекция жұқтыру оқиғасы анықталып, пандемия басталғалы бергі төменгі көрсеткіштердің бірі тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Лайым бұл науқастың шырқау шыңына шығып болып, кейін қайтар құлдырауының басы болсын.

Осылайша коронавирус жұқтырғандар саны 3964-ке жетті.

Кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі тәулік ішінде тіркелген 87 дерек аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Батыс Қазақстан облысы – 22, Алматы қаласы – 13, Ақтөбе облысы – 7, Астана қаласы – 12, Атырау облысы – 9, Шымкент қаласы – 6, Жамбыл облысы – 6, Қарағанды облысы – 5, Шығыс Қазақстан облысы – 4, Маңғыстау облысы – 2, Түркістан облысы – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткендер арасында Қызылорда, Павлодар, Алматы, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1291, Астана қаласы – 698, Қызылорда облысы – 214, Шымкент қаласы – 212, Батыс Қазақстан облысы – 186, Атырау облысы – 184, Ақтөбе облысы – 160, Қарағанды облысы – 159, Жамбыл облысы – 152, Павлодар облысы – 150, Алматы облысы – 149, Түркістан облысы – 135, Ақмола облысы – 100, Маңғыстау облысы – 65, Қостанай облысы – 50, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Шығыс Қазақстан облысы – 29.

Осы кезге дейін 1084 адам жазылып шығып, 27 адам қайтыс болды.

Сауығып шыққандар аймақтар бойынша былайша бөлінеді: Астана қаласы – 170, Алматы қаласы – 176, Қызылора облысы – 138, Алматы облысы – 76, Қарағанды облысы – 73, Атырау облысы – 72, Шымкент қаласы – 49, Түркістан облысы – 49, Жамбыл облысы – 48, Батыс Қазақстан облысы – 31, Алматы облысы – 28, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Ақтөбе облысы – 16, Павлодар облысы – 11, Маңғыстау облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Қостанай облысы – 3.

Қайтыс болғандардың есебі мынадай: Алматы қаласы – 8, Шымкент қаласы – 5, Ақмола облысы – 4, Астана қаласы – 3, Қарағанды облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button