Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды

АСТАНА. 4 мамыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәулен Әшімбаев сондай-ақ Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы Алматы қаласында туған. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, бұдан кейін АҚШ мемлекетінде 2016 жылы Тафтса университетін, Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты. Халықаралық қатынастар магистрі.

Ол Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін 2019 жылдың 18 желтоқсанынан бері атқарып келді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button