Екі корей мемлекеті шекарасында атыс болды
СЕУЛ. 4 мамыр. Кеше, 3 мамыр күні таңертең Корея мен КХДР шекарасында атыс оқиғасы орын алды. Бұл туралы Кореяның Yonhap агенттігі хабарлады.
Корея Республикасы Біріккен штаб бастықтары комитетінің дерегіне сілтеме жасаған агенттік оқиғаның жергілікті уақытпен 7:41 сағатта орын алғанын баяндайды.
Хабарланғандай, оқыс оқиға Кореяның Чхорвон уезіндегі шекарасы тұсында орын алған. Сол жердегі бейтарап аймақта орналасқан қарауыл бекетіне солтүстік жақ шекарадан бірнеше рет оқ жаудырылған.
Мәнбеде КХДР жағының бірінші болып оқ атқаны айтылады. Осыдан кейін Корея жағының шекарашылары аспанға ескертпе оғын атады.
Бұдан бөлек, Сеул тарапы Пхеньянмен байланысып, инциденттің бұдан әрі ушығып кетпеуінің алдын алу үшін не болып жатқанын білмекке әрекет етеді.
Екі жақтан да зардап шеккендер жөнінде дерек жоқ. Постылар жауынгерлік сапына қойылған.
Пхеньян мен Сеулдің арасындағы текетірес 1945 жылы Корей түбегі азат етілгеннен кейін оның солтүстік жағы КСРО-ның оңтүстік жағы АҚШ-тың ықпалы қалған кезден бастау алады. 1949 жылы Корей Халық Демократиялық Республикасы құрылды. 1950-1953 жылдары екі Корея мемлекеті арасында соғыс болды. Содан кейін бейбіт қатар өмір сүру жөнінде келісімге қол қойылды.
2013 жылы КХДР өзінің АҚШ, Жапония және Корея мемлекеттерімен жасасқан ядролық бағдарламасынан өз еркімен шықты. 2018 жылдың басында екі Корея арасында арнайы байланыс желісі қайта қалпына келтіріліп, елдер басшылары өзара телефон арқылы келісім жасаса бастады.