ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар 3877 болды

АСТАНА. 3 мамыр. Республика бойынша өткен тәулікте тағы 208 адам инфекция жұқтырып, олардың жалпы саны 3877-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі тәулік ішінде тіркелген 208 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 102, Ақтөбе облысы – 31, Астана қаласы – 17, Атырау облысы – 14, Алматы облысы – 7, Қызылорда облысы – 6, Павлодар облысы – 6, Жамбыл облысы – 6, Түркістан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 6, Шымкент қаласы – 2, Қарағанды облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткен Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары болды.

Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1278, Астана қаласы – 686, Қызылорда облысы – 214, Шымкент қаласы – 206, Атырау облысы – 175, Батыс Қазақстан облысы – 164, Қарағанды облысы – 154, Ақтөбе облысы – 153, Павлодар облысы – 150, Алматы облысы – 149, Жамбыл облысы – 146, Түркістан облысы – 134, Ақмола облысы – 100, Маңғыстау облысы – 63, Қостанай облысы – 50, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Шығыс Қазақстан облысы – 25.

Осы кезге дейін 995 адам жазылып шығып, 26 адам қайтыс болды.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button