Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Грузия туристер қабылдауға асығып отыр

ТБИЛИСИ. 1 мамыр. Грузия пандемиядан кейін әлемде туристерге шекараны бірінші болып ашқан ел атануға ниеттеніп отыр. Бұл туралы «Sputnik Грузия» хабарлады.

«Біз Грузия бүгінгі қатқыл жағдайда әлемде туристерді қайтара алатын алғашқы елдердің бірі болу жолында белсенді жұмыс жасап жатыр», – деді осы орайда экономика министрі Натия Турнава туристук индустрия өкілдерімен онлайн-кездесу кезінде.

Грузия пандемия салдарынан басқалардан көбірек зардап шекті. Елде наурыз айының ішінде-ақ туризмнен түсетін пайда 70 пайызға қысқарып кетті.

«Біз қазіргі өте қатаң шектеулер жағдайында Грузияның туристік рыногы қауіпсіз болып, шетелдік меймандар үшін алғашқылардың бірі болып ашылуы үшін Бүкіләлемдік туристік ұйыммен тығыз жұмыс жасап келеміз», – деді министр.

Сонымен бірге ол Грузия билігінің бірінші күннен туризм саласына көмек көрсетіп келе жатқанын айтты.

«Туристік индустриямыздың даңдарысқа дейінгі кездегідей қайтадан табысты да тартымды сала болуы үшін уақыт керек. Біз Грузия пандемияны жеңіп шығатын алғашқы елдердің бірі болып, шекараны тездетіп ашатынына сенгіміз келеді», – деді соңында Натия Турнава.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button