Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Дональд Трамп Ақ үйден кетіп бара жатыр

ВАШИНГТОН. 1 мамыр. Коронавирус эпидемиясы кезінде бір айдан астам уақыт Ақ үйде болған АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін өзінің қала сырты – Кэмп-Дэвидтегі жеке меншік резиденциясына барады. Бұл туралы Gazeta.Ru хабарлады.

Басылым Құрама Штаттар лидерінің аталған жерге 17:35 сағатта жететінін баяндады. Бұл уақытта Қазақстанда 2 мамырдың таңы атуға жақындап қалады.

Трамп бұған дейін Ақ үйден соңғы рет 28 наурыз күні шыққан екен. Сол жолы ол АҚШ Әскери-Теңіз күштерінің Виргиния штатындағы базасында болыпты. Базада «Comfort» госпиталь-кемесін Нью-Йоркке өз қатысуымен жөнелткізіпті. Америкада коронавирустан айрықша қатты зардап шегіп жатқан осы ең үлкен мегаполис болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button