Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Қытай індеттің шығу себебін тексеруге келіспей отыр

БЕЙЖІҢ. 1 мамыр. Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) жаңа типті коронавирустың қалай пайда болғанын тексеру жөніндегі өтінішіне келісім бермей отыр. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.

Sky News хабарлағандай, мұны ұйымның Қытайдағы өкілі Годен Гале мәлімдеген.

Ол ВОЗ-ға жаңа індеттерге жол берілмеуі үшін коронавирустың пайда болу себебін білгеннің өте маңызды екенін атап өтті.

«Біз бұл елде (Қытай) ұлттық тергеу жүргізіліп жатқанын білеміз, бірақ оқиғаның осы кезеңінде біз оғанз қатысуға шақырылған жоқпыз. ВОЗ Қытайдың денсаулық сақтау құрылымдары мен билік органдарына сұрау салуды жалғастыра береді», – деді Галеа.

Ол сондай-ақ ҚХР билігі ВОЗ-ға коронавирустың таралу эпицентрі – Уханьдағы екі вирусологиялық зертхананың құжаттамасы берілмей отырғанын да айтып берді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button