АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Алматы қаласы вирус жұқтыруда мыңдықтан асты

АСТАНА. 1 мамыр. Оңтүстік мегаполисте кешеден бері коронавирус жұқтырудың 186 дерегі шығып, барлығы 1130-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Алматы осылайша бір тәулікте республика бойынша тіркелген 299 оқиғаның жартысынан астамына еге болып шықты.

Республика бойынша көрсеткіш 3504-ке жетіп отыр.

Енді соңғы 15 күннің хроникасына шолу жасап өтейік: 17 сәуірде – 139; 18 сәуірде – 121; 19 сәуірде – 63; 20 сәуірде – 81; 21 сәуірде – 214; 22 сәуірде – 76; 23 сәуірде – 166, 24 сәуірде – 143; 25 сәуірде – 148; 26 сәуірде – 160; 27 сәуірде – 128; 28 сәуірде – 170; 29 сәуір – 112, 30 сәуірде – 145, 1 мамырда – 299.

Сонымен, кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі 299 дерек былай бөлініске түседі: кеше сағат 13:20-да – 68 дерек; сағат 17:30-да – 83 дерек, сағат 23:00-де – 46 дерек; ал бүгін таңертеңгі сағат 10:40-та 102 дерек тіркелді.

Бірінші есепте (68) Алматы қаласынан – 44, Алматы облысынан – 13, Астана қаласынан – 4, Шымкент қаласынан – 2; екінші есепте (83) Алматы қаласынан – 40, Ақтөбе облысынан – 27, Астана қаласынан – 8, Жамбыл облысынан – 4, Алматы облысынан – 3, Павлодар облысынан – 1; үшінші есепте (46) Алматы қаласынан – 23, Жамбыл облысынан – 7, Астана қаласынан – 6, Атырау облысынан – 4, Қызылорда облысынан – 3, Алматы облысынан – 2, Қостанай облысынан – 1; ал бүгін таңертеңгі төртінші есепте (102) Алматы қаласынан – 79, Батыс Қазақстан облысынан – 6, Астана қаласынан – 5, Түркістан облысынан – 3, Шығыс Қазақстан облысынан – 3, Жамбыл облысынан – 2, Алматы облысынан – 2, Шымкент қаласынан – 1, Маңғыстау облысынан – 1, Қызылорда облысынан 1 оқиға шықты.

Тәулік тәулік ішінде пайда болған 299 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 186, Ақтөбе облысы – 27, Астана қаласы – 23, Алматы облысы – 20, Жамбыл облысы – 16, Батыс Қазақстан – 6,  Қызылорда облысы – 4, Атырау облысы – 4, Түркістан облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Шымкент қаласы – 3, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 1, Қостанай облысы – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткен Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары болды.

Сонымен, қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 1130, Астана қаласы – 650, Қызылорда облысы – 201, Шымкент қаласы – 193, Батыс Қазақстан облысы – 152, Қарағанды облысы – 149, Алматы облысы – 142, Атырау облысы – 139, Жамбыл облысы – 132, Павлодар облысы – 129, Түркістан облысы – 127, Ақтөбе облысы – 109, Ақмола облысы – 99, Қостанай облысы – 50, Маңғыстау облысы – 49, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Шығыс Қазақстан облысы – 23.

Жазылып шыққандар саны – 866. Олар мына қалалар мен аймақтардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 238, Қызылорда облысы – 118, Алматы қаласы – 117, Ақмола облысы – 67, Атырау облысы – 64, Қарағанды облысы – 61, Жамбыл облысы – 46, Түркістан облысы – 39, Шымкент қаласы – 34, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Алматы облысы – 14, Ақтөбе облысы – 10, Батыс Қазақстан облысы – 9, Маңғыстау облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 7, Павлодар облысы – 5, Қостанай облысы – 3.

Қайтыс болғандар саны – 25. Бұлар Алматы қаласында (8), Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (4), Астана қаласында (3), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысында (1), Павлодар облысында (1), Шығыс Қазақстан облысында (1), Қостанай облысында (1), Маңғыстау облысында (1) тіркелді.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button