Тәжікстанда коронавирустың алғашқы оқиғалары тіркелді
ДУШАНБЕ. 1 мамыр. Тәжікстанда коронавирус жұқтырған алғашқы 15 адам ресми түрде тіркелді. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.
Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігі елде 15 коронавирус жұқтырушыны анықтап, мұндай фактінің орын алғанын ресми түрде растады.
«Бүгінге таңға Тәжікстанда коронавируспен ауырған 15 адам ресми тест арқылы анықталды», – деп хабарлады министрлікте.
Агенттіктің мәліметі бойынша, ауырғандардың 10-ы Душанбе қаласынан, 5-і елдің терістігіндегі Соғды облысынан шыққан.
Сонымен, Азия құрлығында коронавирустың торы бармаған жалғыз ел – КХДР ғана қалды. Бұған дейін аман келе жатқан төрттікті құрып тұрған Йеменнен бұдан біраз бұрын індет жұқтырушы табылды, Түрікменстанда ковидтің бар екені, бірақ биліктің жасырып отырған айтылды, енді, міне, солардың қатарына Тәжікстан келіп қосылды.