АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Соңғы күндері індеттен елорда «бет қаратпай» тұр

АСТАНА. 28 сәуір. Қазақстанда кеше түстен бүгін таңертеңге дейін коронавирус жұқтырып алғандар саны 170-ке өсіп, барлығы 2950-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Енді соңғы 12 күннің республикадағы хроникасына шолу жасасақ, көз алдымызға мынадай картина келер еді: 17 сәуірде – 139; 18 сәуірде – 121; 19 сәуірде – 63; 20 сәуірде – 81; 21 сәуірде – 214; 22 сәуірде – 76; 23 сәуірде – 166, 24 сәуірде – 143; 25 сәуірде – 148; 26 сәуірде – 160; 27 сәуірде – 128; 28 сәуірде – 170.

Бұл жолы 70 оқиға тіркеткен Астана қаласы тағы да «ерледі». Кеше бұл көрсеткіш 50 болып еді. Әлбетте, Алматы да одан қалысар емес.

Сонымен, кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі 170 дерек былай бөлініске түседі: кеше сағат 13:30-да – 11 дерек; сағат 18:05-те – 44 дерек, сағат 23:00-де – 25 дерек; ал бүгін таңертеңгі  сағат 10:50-де 50 дерек тіркелді.

Бірінші есепте (11) Шымкент қаласынан – 4, Қызылорда облысынан – 3, Атырау облысынан – 2, Түркістан облысынан – 2; екінші есепте (44) Алматы қаласынан – 28, Астана қаласынан – 8, Түркістан облысынан – 4, Алматы облысынан – 3, Жамбыл облысынан – 1; үшінші есепте (25) Астана қаласынан – 10, Павлодар облысынан – 5, Қарағанды облысынан – 4, Батыс Қазақстан облысынан – 3, Маңғыстау облысынан – 3; ал бүгін таертеңгі төртінші есепте (50) Астана қаласынан – 52, Алматы қаласынан – 17, Түркістан облысынан – 6, Павлодар облысынан – 6, Жамбыл облысынан – 2, Шымкент қаласынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Атырау облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 1, Ақмола облысынан – 1, Маңғыстау облысынан 1 оқиға шықты.

Тәулік ішінде пайда болған 170 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Астана қаласы – 70, Алматы – 45, Түркістан облысы – 12, Павлодар облысы – 11, Шымкент қаласы – 5, Қарағанды облысы – 5, Батыс Қазақстан облысы – 4, Алматы облысы – 4, Маңғыстау облысы – 4, Қызылорда облысы – 3, Атырау облысы – 3, Жамбыл облысы – 3, Ақмола облысы – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткен аймақтар арасында Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, және Шығыс Қазақстан облыстары бар. Бұл тізімнен көптен бері шықпай келе жатқан Солтүстік Қазақстан облысы болып тұр.

Қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 893, Астана қаласы – 599, Қызылорда облысы – 182, Шымкент қаласы – 176, Қарағанды облысы – 133, Батыс Қазақстан облысы – 126, Атырау облысы – 124, Түркістан облысы – 121, Павлодар облысы – 116, Жамбыл облысы – 108, Алматы облысы – 101, Ақмола облысы – 94, Ақтөбе облысы – 57, Қостанай облысы – 43, Маңғыстау облысы – 31, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Шығыс Қазақстан облысы – 16.

Осы кезге дейін республика бойынша 725 адам жазылып шықты. Олар мына қалалар мен аймақтардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 214, Қызылорда облысы – 110, Алматы қаласы – 97, Атырау облысы – 59, Жамбыл облысы – 43, Қарағанды облысы – 43, Ақмола облысы – 33, Түркістан облысы – 29, Шымкент қаласы – 29, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 9, Батыс Қазақстан облысы – 7, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 5, Қостанай облысы – 3, Павлодар облысы – 3.

Қайтыс болғандар саны – 25. Бұлар Алматы қаласында (8), Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (4), Астана қаласында (3), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысында (1), Павлодар облысында (1), Шығыс Қазақстан облысында (1), Қостанай облысында (1), Маңғыстау облысында (1) тіркелді.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button