Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Ким Чен Ынға ота жасаған дәрігер қатты сасқан

ТОКИО. 27 сәуір. Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның жүрегіне операция жасаған дәрігер оның барысында жүйкесі қатты жұқарып, қолдарының дірілдеп кеткенін айтқан. Бұл туралы жапонның «Сюкан Гэндай» апталығы хабарлады.

Мұның алдында Оңтүстік Кореяның «Daily NK» басылымы өзінің КХДР-дағы мәнбесіне сүйеніп, Ким Чен Ынның жүрек-қан тамырларына байланысты жасалған операциядан кейін емдеу курсынан өтіп жатқанын баяндаған еді.

Жапон апталығындағы материалдың авторы Даисукэ Кондо Солтүстік Корея басшысының жүрекке қатысты науқасының жайын баяндауда өзіне Қытай медицина ортасы ашып берген дерекке сүйенгенін атап көрсетеді.

«КХДР мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ын аймақты аралау кезінде кенет жүрегін ұстап құлаған. Оның жанында жүрген дәрігерлер дереу жүрекке (Ким Чен Ынға – ред.) массаж жасап, оны жақын маңдағы «жедел жәрдем» бөлімшесіне жеткізген», – деп мәнбесі дерегін келтіреді Кондо.

Журналистке дерек беруші әңгімешінің айтуынша, сол шамада Солтүстік Корея тарапы Қытайдан шұғыл дәрігерлер жіберуді өтінеді.

Мәнбенің сөзіне қарағанда, содан кейін керек-жарағын алған шамамен 50 адам Бейжіңнен арнайы бортпен жылдам Пхеньянға ұшып шығады.

«Алайда, Солтүстік Корея дәрігерлері тобы Қытай медиктерін күтіп тұрғанда пациенттің өліп кетуі мүмкін екенін ойлап, өздері жүрекке стент қою операциясын бастап кетеді», – дейді жапон апталығының дерек көзі сосын.

Жарияланымда атап көрсетілгендей, стент қою операциясы оншалықты күрделі емес, «ең басты қан тамырына стент қою отасы шамамен бір минуттай ғана уақытты алады».

«Алайда, операцияны жасаушы хирург қатты асып-састы, сондықтан қолдары дірілдеп кетті. Оны мұндай толық денелі (Ким Чен Ын сияқты – ред.) пациентке операция жасаудан тәжірибесі жоқ еді. Сондықтан стент салуға сегіз минут уақыт жұмсалды», – деп келтіреді журнал Қытай мәнбесінің сөзін.

Оның айтуынша, Ким Чен Ын «вегативті жағдайға түсіп кеткен». Жедел жеткен Қытай дәрігерлер тобы Солтүстік Корея лидерінің ахуалын көрген, бірақ оған ешқандай жәрдем бере алмаған.

Оңтүстік Кореяның «Рёнхап» агенттігі содан кейін өз елі үкіметіндегі мәнбеге сүйеніп, КХДР басшысының денсаулық жағдайында проблема бар екендігі туралы қауесеттің шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Ал РИА «Новости» сұрау салған сарапшылар Ким Чен Ынның денсаулық жағдайына байланысты мәліметтердің шындыққа шақ келетініне сенбейтіндерін айтты, сонымен бірге оның қайтыс болып кеткені туралы қауесеткен сенудің қиын екенін білдірді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button