Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Әзербайжан моделі ашық түскен суреттерін көрсетті

БАКУ. 27 сәуір. АҚШ-та тұратын Ruslana Gee есімімен танымал әзербайжан моделі, fashion-блогер Руслана Джавадованың Instagram-да жарияланған ашық суреттері жұрт назарын аударды. Бұл туралы Oxu.Az хабарлады.

Агенттік хабарлағандай, танымал тұлға карантин кезінде де өзінің сүйікті кәсібін ұмытпай, уақыт өткізіп жатқанын көрсетпек болған.

Руслана әлеуметтік желіге бірнеше фото салған, оларда шілтерлі де ашық ішкиім көрініп тұр. Бойжеткен өзінің эротикалық позалары мен әдемі мүсінін ұсыныпты.

Блогер тағы бір суретінде ваннада жатқан кезінде аяқтарын көрсетіп қояды. «Демалыс уақыты» деген жазу Джавадованың оқшаулау кезінде уақытын қуана өткізіп жатқанын танытады.

Айта кетейік, модель Руслана Джавадова – Бакудің тумасы. Ол мектепте оқып жүрген кезінен сәнге қызығушылық білдірген.

Руслана 2016 жылы «L ‘ Officiel» атты белгілі мода журналының «Үздік модель» және «Үздік сән блогері» номинациялары бойынша марапатқа ие болды. Ол қазір зергерлік әшекейлердің дизайнымен де айналысады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button