Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Лукашенко коронавирусты «құдайдың жазасы» деп атады

МИНСК. 27 сәуір. Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирус пандемиясын «құдайдың адамдарға арнайы жіберген жазасы» деп мәлімдеді. Бұл туралы РЕН ТВ хабарлады.

Белорус лидері мұны адамдардың экологияға немқұрайлы қарағандарымен және өмір сүру салтына орасан зор зиян келтірулерімен байланыстырды.

Теларна хабарлағандай, Александр Лукашенко мұндай байламды кезекті ел аралау кезінде, жиналған жұрт алдында сөйлеген сәтінде айтқан.

«Мен бір кездері біздің экологияға, өмір сүру салтына ешбір өлшемге шақ келмейтіндей деңгейде, қалай болса солай қарап жүргенімізді құдайдың көріп тұрғанын, сондықтан бір күні басымыздан ұратынын айтып едім, сол айтқаным келіп жатыр», – деді ол.

Соңғы мәліметтер бойынша, Беларусьта 9 590 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 67 адам қаза тапқан.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button