Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

КХДР-да Ким Чен Ынның жұмысқа кіріскені айтылды

ПХЕНЬЯН. 26 сәуір. КХДР мемлекеттік радиосы жексенбі күні таңертең ел көшбасшысы Ким Чен Ынның белсенді қызметке кіріскені туралы сөз қозғады. Бұл туралы оңтүстіккореялық «Рёнхап» агенттігіне сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.

Осылайша радиостанция Солтүстік Корея лидерінің ауруы немесе қайтыс болғаны жайындағы қауесетті жоққа шығарды.

Хабарламада «Ким Чен Ын жолодастың Самчжиён қаласын тұрғызуға көмектескен жұмысшылар мен қызметкерлерге алғыс білдіргені» айтылды. Бірақ алғыстың қандай пішінде білдірілгені нақтыланбайды.

Жаңа Самчжиён қаласының құрылысы өткен жылдың соңында салтанатты түрде аяқталғане болатын, оның рәсіміне Ким Чен Ын қатысты.

Бұдан бөлек, сенбі күні КХДР-дың басты ақпарлар агенттіні – ЦТАК Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның Ресейге сапарының бір жылдығына орай бейсенбіде КПРФ басшысы Геннадий Зюгановтан құттықтау хатын алғанын хабарлады.

Алайда, КХДР әзірге мемлекеттік кеңесі төрағасының көпшілік іс-шараларға қатысқаны туралы немесе оның ел ішіндегі жұмыс сапарлары туралы басқа ақпараттар жоқ. Көшбасшының соңғы суреті ЦТАК агенттінігін сайтында 12 сәуір күні ВВС полкінің инспекциясы туралы берілген жаңалықтарда жарияланды.

Ал Ким Чен Ынның денсаулық жағдайы күрт нашарлап кеткені туралы қауесет Оңтүстік Кореяның Daily NK басылымы оның жүрек-қан тамырларына жүйесіне операция жасатқаннан кейін емдеу курсынан өтіп жатқаны туралы хабарлағаннан кейін тарай бастады. Осыған орай әлемнің бірқатар БАҚ-тары мен әлеуметтік желілері КХДР көшбасшысының қайтыс болғаны жайында да болжамға көшіп кетті.

«Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея үкіметіндегі мәнбесіне сілтеме жасай отырып, қазір КХДР лидерінің денсаулық жағдайына байланысты айтарлықтай ауыр проблема бар екендігі шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button