АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Коронавирус: соңғы 10 күнде Алматы «ұрып» тұр

АСТАНА. 26 сәуір. Соңғы 10 тәуліктің ішінде коронавирус инфекциясын тарату жағынан Алматы шаһары басқа қалалар мен аймақтардан оқ бойы алда келеді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Осы орайда онымен үзеңгілес саналатын Астана қаласының көрсеткіші де көп кейін қалып қойды.

Ал Алматыда осы онкүндікте вирус жұқтырған адамдар саны 449-ға бір-ақ барды. Оны 17 сәуірдегі – 68, 18 сәуірдегі – 43, 19 сәуірдегі – 8, 20 сәуірдегі – 13, 21 сәуірдегі – 143, 22 сәуірдегі – 12, 23 сәуірдегі – 55, 24 сәуірдегі – 29, 25 сәуірдегі – 27 және 26 сәуірдегі 51 цифрлары құрап отыр.

Өткен тәулік мұғдарында Қазақстанда инфекция жұқтырған саны тағы 160-қа өсіп, оның жалпы саны 2652-ге жетті.

Енді соңғы 10 күннің республика бойынша хроникасына шолу жасап өтсек, көз алдымызға мынадай картина келер еді: 17 сәуірде – 139; 18 сәуірде – 121; 19 сәуірде – 63; 20 сәуірде – 81; 21 сәуірде – 214; 22 сәуірде – 76; 23 сәуірде – 166, 24 сәуірде – 143; 25 сәуірде – 148; 26 сәуірде – 160.

Кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі 160 дерек былай тарады: кеше сағат 12:40-та – 43 дерек; сағат 17:45-те – 39 дерек, сағат 22:20-да – 37 дерек; ал бүгін таңертең сағат 10:45-те 51 дерек тіркелді.

Бірінші есепте (43) Шымкент қаласынан – 15, Алматы облысынан – 13, Атырау облысынан – 6, Түркістан облысынан – 5, Алматы қаласынан – 2, Ақмола облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 1; екінші есепте (39) Алматы қаласынан – 21, Астана қаласынан – 10, Атырау облысынан – 4, Қарағанды облысынан – 2, Ақмола облысынан – 1, Павлодар облысынан – 1;  үшінші есепте (37) Алматы қаласынан – 13, Түркістан облысынан – 9, Астана қаласынан – 7, Қостанай облысынан – 4, Ақмола облысынан – 2, Павлодар облысынан – 2;  ал бүгін таңертеңгі төртінші есепте (51) Алматы қаласынан – 15, Батыс Қазақстан облысынан – 13, Астана қаласынан – 8,  Қызылорда облысынан – 7, Павлодар облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 1, Түркістан облысынан – 1, Жамбыл облысынан – 1, Ақмола облысынан – 1, Маңғыстау облысынан 1 оқиға шықты.

Сонымен, тура бір тәулік ішінде тіркелген 160 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 51, Астана қаласы – 25, Батыс Қазақстан облысы – 17, Шымкент қаласы – 16, Түркістан облысы – 15, Алматы облысы – 13, Атырау облысы – 10, Қызылорда облысы – 7, Павлодар облысы – 6, Ақмола облысы – 5, Қостанай облысы – 4, Қарағанды облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Жамбыл облысы – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткен аймақтар арасында Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 842, Астана қаласы – 479, Қызылорда облысы – 177, Шымкент қаласы – 162, Батыс Қазақстан облысы – 116, Қарағанды облысы – 113, Атырау облысы – 108, Түркістан облысы – 108, Жамбыл облысы – 104, Павлодар облысы – 94, Ақмола облысы – 92, Алматы облысы – 86, Ақтөбе облысы – 55, Қостанай облысы – 43, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Маңғыстау облысы – 27, Шығыс Қазақстан облысы – 16.

Осы кезге дейін республика бойынша 646 адам жазылып шықты. Олар мына қалалар мен аймақтардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 214, Алматы қаласы – 90, Қызылорда облысы – 80, Жамбыл облысы – 42, Атырау облысы – 42, Қарағанды облысы – 36, Ақмола облысы – 30, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 24, Шымкент қаласы – 18, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Маңғыстау облысы – 4, Қостанай облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 2.

Қайтыс болғандар саны – 25. Бұлар Алматы қаласында (8), Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (4), Астана қаласында (3), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысында (1), Павлодар облысында (1), Шығыс Қазақстан облысында (1), Қостанай облысында (1), Маңғыстау облысында (1) тіркелді.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button