Қытай Ким Чен Ынды емдеу үшін дәрігерлер жіберді
БЕЙЖІҢ. 25 сәуір. ҚХР үкіметі Солтүстік Кореяға медициналық сарапшылар командасын жіберді. Бұл туралы өз мәнбесіне сілтеме жасаған Reuters хабарлады.
Мамандар олардың КХДР лидері Ким Чен Ын жолдасты емдеуге көмектесу үшін арнайы бара жатқандарын айтып отыр.
«Қытай Коммунистік партиясы халықаралық байланыстар бөлімінің жоғары лауазымды қызметкері бастаған делегация Бейжіңнен Солтүстік Кореяға аттанды», – деп атап өтті осы мәліметті берушілер.
CNN телеарнасы 21 сәуірде Америка барлау өкілдеріне сілтеме жасай отырып, Ким Чен Ынның жүрекке жасалған ауыр операциядан кейін Пхеньян сыртындағы курортты резиденциясында қиын жағдайда жатқанын хабарлаған болатын.
Ал бұрнағы күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткізген брифингі кезінде өз барлау қызметінің дерегіне сүйенетінін білдіре отырып, бұл ақпардың жалған екенін мәлімдеген еді.