Башқұртстан елі бүгін башқұртша диктант жазуда
ӨФӨ. 25 сәуір. Бүгін Ресей Федерациясындағы Башқұртстан халқы жаппай башқұрт тілінде диктант жазып жатыр. Бұл туралы ИА «Башинформ» хабарлады.
Башқортостан Республикасының президенті Радий Хабиров биылғы жылғы 20 наурызда осы күнді «Башқұрт тілінде диктант жазудың халықаралық күні» деп белгілеген болатын. Республика басшысының осыған байланысты өкімінде оған елдегі барлық ересек адамның қатысатынын өз өкімінде атап көрсеткен болатын.
Аталмыш акция бұдан кейін дәстүрге айналуға тиіс. Ол бұдан әрі әрбір жылдың сәуір айының төртінші аптасының сенбісі күні өтіп тұратын болады.
Шараны өткізуге дайындық пен диктант өткізуді Башқұртстан Білім және ғылым министрлігі Башқұрт тілін сақтау мен дамыту жөніндегі автономиялы коммерциялық емес ұйыммен бірге жасап бекітеді. Оның бәрін республика Қаржы министрлігі қаржыландырады.
Дүниежүзілік башқұрттар құрылтайының ұсынысы бойынша, 2020 жыл Башқұртстанда «башқұрт тілінің жылы» ретінде өтіп жатыр.