ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Испания Қытайдың жарамсыз маскаларын жинап алды

МАДРИД. 24 сәуір. Испания үкіметі Қытайдан әкелінген әлденеше жүздеген мың тұмылдырықты жарамсыз болып шығуына байланысты жинатып алды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Бұған дейін ел үкіметі Бейжіңнен келген маскаларды түрлі автономиялы қауымдастықтарға бөліп берген болатын.

Гәп өндірушісі Garry Galaxy компаниясы болып табылатын FPP2 тұмылдырықтары туралы болып отыр. Компания Қытай үкіметі санитарлық материалдар шығаруға рұқсат еткен кәсіпорындардың бірі еді.

Испанияда бірер күнде жалпы саны 350 мың тұмылдырық жинап алынды. Оларды тест жүзінде арнайы тексеріп қарағанда, ешқайсысының да қажетті қауіпсіздік өлшемдеріне сай келмейтіні анықталды.

Mundo газетінің жазуынша, мұндай жарамсыз (брак) маскалар Каталония, Арагона, Кастилии-Ла-Манче, Риоха, Кастилии-и-Леоне, Валенсия, Галисия, Мурсия жерлеріне тарап кеткен екен.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button