Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Неймардың анасы бойфрендінен бас тартты

ПАРИЖ. 24 сәуір. Бразилия құрамасының және француздың «Пари Сен-Жермен» командасының шабуылшысы Неймардың анасы өзінен 29 жас кіші бойфрендімен қош айтысты. Бұл туралы «Daily Mail» газеті хабарлады.

52 жастағы Надин Гонсалвес өзінің 23 жастағы киберспортшы жігіті Тьяго Рамостың еркектермен де кездесіп жүргенін біліп қойғасын, онымен бірден ат-құйрығын үзісті.

Басылымның жазуынша, Рамос Неймардың аспазымен және Бразилияға белгілі актер Карлиньос Майямен кездесіп тұрады екен. Мұны білгеннен кейін Надин қатынас орнатқандарына бар-жоғы бір айдай болған бойфрендімен байланысын үзуге шешім қабылдады.

Тьяго Рамос Бразилиядағы аса танымал мобильді құрылымдағы корольдік шайқас – Free Fire бойынша өтетін турнирлерде «4k Easy» командасы құрамында өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, Неймар «ПСЖ»-ға 2017 жылдың жазында Каталонияның «Барселона» командасының сапынан ауысып келген еді. Оны сол кездегі трансферлік құны за € 222 млн тұрды. Оның осы трансфері әлі күнге дейін футбол тарихындағы ең қымбат баға болып табылады.

Неймардың өзі биыл бірнеше рет «Барселона» клубына қайтып оралғысы келетінін айтып еді. Бірақ команда жанкүйерлерінің басым көпшілігі бұған қарсылық білдірді. Клуб басшылары да оншалықты ықылас білдіре қоймады. Оның үстіне, қазір «Барселонаның» банкротқа ұшырау ықтималдығы туралы жиі сөз болып жатыр. Команданың қарызы 1 млрд еуроға жақындап қалған сияқты.

Неймар соған қарамастан, аз жалақымен де осы командаға барғысы келетінін білдіріп отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button