АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 2334-ке жетті

АСТАНА. 24 сәуір. Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирустың 143 оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 2334-ке жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Енді соңғы күндердің хроникасына шолу жасап өтер болсақ, көз алдымызға мынадай деректер көрсеткіштері келер еді: 17 сәуірде – 139; 18 сәуірде – 121; 19 сәуірде – 63; 20 сәуірде – 81; 21 сәуірде – 214; 22 сәуірде – 76; 23 сәуірде – 166, 24 сәуірде – 143.

Кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі 143 дерек былай тарады: кеше сағат 12:20-да – 16 дерек; сағат 17:50-де – 44 дерек; сағат 22:40-та – 38 дерек; ал бүгін таңертең сағат 09:30-да 45 дерек тіркелді.

Бірінші есепте (16) Павлодар облысынан – 7, Алматы облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 2, Астана қаласынан – 1, Алматы қаласынан – 1, Қызылорда облысынан – 1, Түркістан облысынан – 1; екінші есепте (44) Алматы қаласынан – 20, Жамбыл облысынан – 9, Ақтөбе облысынан – 9, Алматы облысынан – 3, Астана қаласынан – 1, Қызылорда облысынан – 1, Қарағанды облысынан – 1; үшінші есепте (38) Ақтөбе облысынан – 12, Жамбыл облысынан – 10, Павлодар облысынан – 8, Астана қаласынан – 5, Қызылорда облысынан – 2, Жамбыл облысынан – 1; ал бүгін таңертеңгі төртінші есепте (45) Алматы қаласынан – 8, Шымкент қаласынан – 6, Батыс Қазақстан облысынан – 6, Астана қаласынан – 5, Қарағанды облысынан – 5, Түркістан облысынан – 4, Павлодар облысынан – 4, Ақмола облысынан – 2, Атырау облысынан – 2, Қостанай облысынан – 2, Маңғыстау облысынан 1 оқиға шықты.

Сонымен, тура бір тәулік ішінде тіркелген 143 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 29, Ақтөбе облысы – 21, Жамбыл облысы – 19, Павлодар облысы – 19, Астана қаласы – 12, Шымкент қаласы – 8, Алматы облысы – 7, Қарағанды облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 6, Түркістан облысы – 5, Қызылорда облысы – 4, Ақмола облысы – 2, Атырау облысы – 2, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткен аймақтар арасында Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 764, Астана қаласы – 433, Қызылорда облысы – 161, Шымкент қаласы – 139, Қарағанды облысы – 108, Жамбыл облысы – 98, Батыс Қазақстан облысы – 92, Ақмола облысы – 85, Атырау облысы – 84, Түркістан облысы – 81, Алматы облысы – 69, Павлодар облысы – 62, Ақтөбе облысы – 55, Қостанай облысы – 38, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Маңғыстау облысы – 20, Шығыс Қазақстан облысы – 15.

Осы кезге дейін республика бойынша 560 адам жазылып шықты.

Олар мына қалалар мен аймақтардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 207, Алматы қаласы – 88, Қызылорда облысы – 46, Жамбыл облысы – 40, Атырау облысы – 31, Қарағанды облысы – 30, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 21, Ақмола облысы – 20, Шымкент қаласы – 17, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Маңғыстау облысы – 4, Қостанай облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1,

Қайтыс болғандар саны – 22. Бұлар Алматы қаласында (7), Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (4), Астана қаласында (2), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысында (1), Павлодар облысында (1), Шығыс Қазақстан облысында (1), Қостанай облысында (1) тіркелді.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрамыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button