Қазақстанда коронавирус өршіп барады – 2191 оқиға!
АСТАНА. 23 сәуір. Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирустың 166 оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 2191-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Енді соңғы күндердің хроникасына шолу жасап өтер болсақ, көз алдымызға мынадай деректер көрсеткіштері келер еді: 17 сәуірде – 139; 18 сәуірде – 121; 19 сәуірде – 63; 20 сәуірде – 81; 21 сәуірде – 214; 22 сәуірде – 76; 23 сәуірде – 166.
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде ковид өзінің тарауы жағынан шарықтау шегіне жеткен жоқ дегені рас болып шықты. Ал Денсаулық сақтау министрі содан бір күн бұрын мүлде басқаша тұжырым жасап еді.
Кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі 166 дерек былай тарады: кеше сағат 12:50-де – 22 дерек; сағат 18:30-да – 23 дерек; сағат 22:50-де – 65 дерек; ал бүгін таңертең сағат 09:50-де 56 дерек тіркелді.
Бірінші есепте (22) Алматы қаласынан – 13, Алматы облысынан – 7, Астана қаласынан – 2; екінші есепте (23) Алматы қаласынан – 21, Қарағанды облысынан – 1, Түркістан облысынан – 1; үшінші есепте (65) Шымкент қаласынан – 28, Алматы қаласынан – 18, Қызылорда облысынан – 6, Батыс Қазақстан облысынан – 4, Түркістан облысынан – 2, Маңғыстау облысынан – 2, Астана қаласынан – 1, Жамбыл облысынан – 1, Павлодар облысынан – 1, Қостанай облысынан – 1, Шығыс Қазақстан облысынан – 1; ал бүгін таңертеңгі төртінші есепте (56) Астана қаласынан – 17, Батыс Қазақстан облысынан – 10, Түркістан облысынан – 7, Ақтөбе облысынан – 7, Павлодар облысынан – 5, Алматы қаласынан – 3, Шығыс Қазақстан облысынан – 3, Жамбыл облысынан – 2, Қостанай облысынан – 1, Маңғыстау облысынан 1 оқиға шықты.
Сонымен, тура бір тәулік ішінде тіркелген 166 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 55, Шымкент қаласы – 28, Астана қаласы – 20, Батыс Қазақстан облысы – 14, Түркістан облысы – 10, Алматы облысы – 7, Ақтөбе облысы – 7, Қызылорда облысы – 6, Павлодар облысы – 6, Шығыс Қазақстан облысы – 4, Жамбыл облысы – 3, Маңғыстау облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Қарағанды облысы – 1.
Бұл тәулікте «аман» кеткен аймақтар арасында Ақмола, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 735, Астана қаласы – 421, Қызылорда облысы – 157, Шымкент қаласы – 131, Қарағанды облысы – 102, Батыс Қазақстан облысы – 86, Ақмола облысы – 83, Атырау облысы – 82, Жамбыл облысы – 79, Түркістан облысы – 76, Алматы облысы – 62, Павлодар облысы – 43, Қостанай облысы – 36, Ақтөбе облысы – 34, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Маңғыстау облысы – 19, Шығыс Қазақстан облысы – 15.
Осы кезге дейін республика бойынша 515 адам жазылып шықты.
Олар мына қалалар мен аймақтардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 206, Алматы қаласы – 88, Жамбыл облысы – 31, Қызылорда облысы – 29, Атырау облысы – 29, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 20, Ақмола облысы – 19, Қарағанды облысы – 19, Шымкент қаласы – 17, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Маңғыстау облысы – 4, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Қостанай облысы – 1.
Қайтыс болғандар саны – 19. Бұлар Алматы қаласында (5), Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (3), Астана қаласында (2), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысында (1), Павлодар облысында (1), Шығыс Қазақстан облысында (1), Қостанай облысында (1) тіркелді.
Ескертпе. Біз республикада коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрамыз.