Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Моңғол кәсіпорындары салық төлеуден босатылды

УЛАН-БАТОР. 22 сәуір. Моңғолия кәсіпорындарының 99,99 пайызы салық төлеуден босатылды. Бұл туралы ARD хабарлады.

Сәуірдің 20-сы күні Моңғолияның қаржы министрі Ч.Хурэлбаатар (суретте) алты айдың көлемінде әлеуметтік салықтан босату жөніндегі шешімді түсінбей жатқандарға арнаған мәлімдеме жасады.

Министрдің мәлімдемесіне сай, Моңғолиядағы барлық дерлік компания, соның ішінде табыстары аз бөліктері мен 1 млн тугрик көлемінде қаржылары жоқтары да, 1 қазанға дейін әлеуметтік сақтандыру жарнапұлдарын төлеуден босатылады.

Министр Ч.Хурэлбаатар бұған «Моңғолияда 108 800 салық төлеуші кәсіпорын бар, олардың 99,99 пайызы салық төлеуден босатылады, себебі, олар осы кезде табыстарынан айырылып қалып жатыр. Тек 0,01 пайыздық алтын өндіруші компаниялар ғана бұл шешімді пайдалана алмайды, себебі, олар жұмыстарын тоқтатқан жоқ, оларға коронавирус пандемиясы ешбір әсер етпейді», дегенді қосты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button