Коронавирус: бір тәулікте 214 дерек. Бұл – антирекорд!
АСТАНА. 21 сәуір. Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирустың 214 оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 1949-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Сөйтіп, өткен тәулік көлемінде ковидтің тарауы жөнінде елімізде антирекорд жасалды.
Астана уақытымен 09:35 сағаттағы эпидемиологиялық ахуал біздің әлі шарықтау шегіне толық жетіп болмағанымызды көрсетті.
Енді бәрін ретімен баяндайық. Кеше сағат 12:30-да – 22 дерек; сағат 17:45-те – 18 дерек; сағат 22:15-те – 77 дерек; ал бүгін таңертең сағат 09:35-те 97 дерек тіркелді.
Бірінші есепте (22) Алматы қаласынан – 10, Шымкент қаласынан – 9, Астана қаласынан – 2; екінші есепте (18) Алматы қаласынан – 14, Шымкент қаласынан – 3, Қостанай облысынан – 1; үшінші есепте (77) Алматы қаласынан – 57, Шымкент қаласынан – 7, Алматы облысынан – 6, Астана қаласынан – 3, Павлодар облысынан – 3, Батыс Қазақстан облысынан – 1; ал бүгін таңертеңгі төртінші есепте (97) Алматы қаласынан – 62, Қарағанды облысынан – 6, Түркістан облысынан – 5, Астана қаласынан – 4, Жамбыл облысынан – 4, Батыс Қазақстан облысынан – 4, Қостанай облысынан – 4, Шығыс Қазақстан облысынан – 3, Қызылорда облысынан – 2, Шымкент қаласынан – 2, Маңғыстау облысынан 1 оқиға шықты.
Сонымен, тура бір тәулік ішінде тіркелген 214 оқиға мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 143, Шымкент қаласы – 21, Астана қаласы – 9, Қарағанды облысы – 6, Алматы облысы – 6, Қостанай облысы – 6, Түркістан облысы – 5, Батыс Қазақстан облысы – 5, Жамбыл облысы – 4, Павлодар облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Қызылорда облысы – 2, Маңғыстау облысы – 1.
Бұл тәулікте «аман» кеткен аймақтар арасында Ақмола, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 668, Астана қаласы – 390, Қызылорда облысы – 151, Қарағанды облысы – 99, Шымкент қаласы – 92, Ақмола облысы – 82, Атырау облысы – 80, Батыс Қазақстан облысы – 68, Жамбыл облысы – 65, Түркістан облысы – 65, Алматы облысы – 50, Павлодар облысы – 33, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Ақтөбе облысы – 27, Қостанай облысы – 25, Маңғыстау облысы – 13, Шығыс Қазақстан облысы – 11.
Осы кезге дейін республика бойынша 447 адам жазылып шықты.
Олар мыналардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 188, Алматы қаласы – 88, Қызылорда облысы – 25, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Атырау облысы – 23, Ақмола облысы – 18, Шымкент қаласы – 16, Түркістан облысы – 13, Қарағанды облысы – 13, Жамбыл облысы – 11, Алматы облысы – 9, Ақтөбе облысы – 9, Батыс Қазақстан облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 1.
Әзірге Қостанай облысында емделіп шыққан ешкім жоқ.
Қайтыс болғандар саны – 19. Бұлар Алматы қаласында (5), Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (3), Астана қаласында (2), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысында (1), Павлодар облысында (1), Шығыс Қазақстан облысында (1), Қостанай облысында (1) тіркелді.
Ескертпе. Бұдан былай біз республикада коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертеңгі жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұратын боламыз.