Жаңалықтар жаңғырығыСпорт
А сериясының клубтары маусымды жалғастырады
РИМ. 21 сәуір. Италияның футболдан чемпионаты А сериясының клубтары маусымды жалғастыру жөнінде келісімге келді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
«Маусымды қалпына келтіру ФИФА мен УЕФА нұсқауларына, сондай-ақ Италия футбол федерациясының шешіміне сәйкес жүргізіледі», – делінген А сериясы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұдан алдын «Торино», «Сампдория», Болонья», «Парма», СПАЛ, «Брешиа» және «Удинезе» клубтары Италия чемпионатын қалпына келтіруге қарсы шыққан болатын.
Италия футбол федерациясының президенті Габриэле Гравина футбол маусымын қайта жалғастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді.