Коронавирусты қайтаратын қолайлы тәсіл табылды

НЬЮ-ЙОРК. 19 сәуір. АҚШ-тың Вирджиния университетінің ғалымдары COVID-19 пневмониясын ықтимал жұқтырушының тез айығып кетуіне көмектесетін тәсіл ойлап тапқандарын жариялады. Бұл туралы New York Post газеті хабарлады.
Зерттеудің нәтижесін аталмыш университет жоғары медицина мектебінің профессоры Чжэнь Ян жоғарыда аталған басылым бетінде жарыққа шығарды. Онда коронавирус инфекциясын жоюда денешынықтыру жаттығуларының алатын рөлі зор екені атап көрсетіледі.
Зерттеу қорытындысында жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайту үшін жасалатын тұрақты жаттығулардың суық тигеннен кейін болатын өткір респираторлы дистресс-синдромның (өкпенің тіршілік ету қаупін туғызады) дамуын тежейтіні анықталды. Әдетте осыдан кейін орын алатын науқастың асқыну процесі вирус жұқтырушылардың 20-40 пайызы үшін қиынға соғып, олардың коронавирустан қайтыс болуларына жол ашады.
Чжэнь Янның айтуынша, адам ағзасы табиғи түрде жасушадан тыс супероксиддисмутаза (EcSOD) ретінде танымал антиоксидантты шығарады. Оның өндірілуі дене қимылы жүктемелерін ынталандырады. Сондықтан профессор күн сайын велосипедпен жүру, ескек есу және аэробикалық қимылдар жасау сияқты кардиожаттығулар үшін жарты сағат бөлуді ұсынады.






