Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Трамп Ким Чен Ыннан «жақсы хат» алды

ВАШИНГТОН. 19 сәуір. АҚШ президенті Дональд Трамп жақында КХДР лидері Ким Чен Ыннан жақсы хат алғанын баяндады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Америка басшысы 18 сәуір күні Ақ үйде өткен брифингінде осының жайын айтқан.
«КХДР жақында жақын қашықтықтағы ракетасын сынақтан өткізді. Ол мұны баяғыдан сынап келеді. Мен Ким Чен Ыннан хат алдым, жақсы хат. Біз тіл табысамыз ғой деп ойлаймын», – деді Трамп.






