АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 1654 болды

АСТАНА. 19 сәуір. Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырып алғандар саны бүгін таңертең 1654-ке жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Елдегі эпидемиологиялық ахуал елорда уақыты бойынша 10:00 сағатта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1654-ке барғанын көрсетті.

Кешегі таңертеңнен бүгінгі таңертеңге дейінгі бір тәулік ішінде елде тағы 63 оқиға тіркелді. Бұрнағы күні бұл цифр – 139, кеше азанда 121 болған еді. Демек, біртіндеп құлдырау тенденциясы бар.

Дегенмен, енді бәрін ретімен баяндайық.

Кеше сағат 12:00-де – 2; сағат 17:25-те – 22; сағат 22:30-да – 15; ал бүгін сағат 10:00-де 24 коронавирус оқиғасы тіркелді.

Бірінші есепте (2) Алматы облысынан – 2, екінші есепте (22) Астана қаласынан – 15, Алматы облысынан – 2, Ақтөбе облысынан – 2, Алматы қаласынан – 1, Шымкент қаласынан – 1, Павлодар облысынан – 1, үшінші есепте (15) Батыс Қазақстан облысынан – 7, Қостанай облысынан – 6, Алматы қаласынан – 1, Астана қаласынан – 1, ал бүгін азанда (24) Алматы қаласынан – 6, Павлодар облысынан – 4, Қызылорда облысынан – 4, Астана қаласынан – 3, Атырау облысынан – 3, Жамбыл облысынан – 2, Қарағанды облысынан – 1, Ақмола облысынан 1 дерек шықты.

Сонымен, тура бір тәулік ішінде тіркелген 63 оқиға мынадай бөлініске түсті: Астана қаласы – 19, Алматы қаласынан – 8, Батыс Қазақстан облысынан – 7, Қостанай облысынан – 6, Павлодар облысынан – 5, Қызылорда облысынан – 4, Алматы облысынан – 4, Атырау облысынан – 3, Жамбыл облысынан – 2, Ақтөбе облысынан – 2, Шымкент қаласынан – 1, Қарағанды облысынан – 1, Ақмола облысынан – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткен аймақтар арасында Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары бар.

Қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 512, Астана қаласы – 369, Қызылорда облысы – 147, Қарағанды облысы – 90, Ақмола облысы – 82, Атырау облысы – 79, Жамбыл облысы – 60, Шымкент қаласы – 58, Түркістан облысы – 57, Батыс Қазақстан облысы – 46, Алматы облысы – 41, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Ақтөбе облысы – 27, Павлодар облысы – 22, Қостанай облысы – 15, Маңғыстау облысы – 12, Шығыс Қазақстан облысы – 8.

Осы кезге дейін республика бойынша 378 адам жазылып шықты.

Олар мыналардың үлестеріне тиеді: Астана қаласынан – 172, Алматы қаласынан – 84, Қызылорда облысынан – 21, Атырау облысынан – 21, Солтүстік Қазақстан облысынан – 18, Ақмола облысынан – 16, Шымкент қаласынан – 11, Алматы облысынан – 8, Түркістан облысынан – 7, Жамбыл облысынан – 6, Қарағанды облысынан – 5, Ақтөбе облысынан – 5, Батыс Қазақстан облысынан – 2, Павлодар облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 1.

Әзірге Қостанай облысында емделіп шыққан ешкім жоқ

Қайтыс болғандар саны – 17. Бұлар Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (3), Алматы қаласында (3), Астана қаласында (2), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысы (1), Павлодар облысы (1), Шығыс Қазақстан облысы (1), Қостанай облысында (1) тіркелді.

Ескертпе. Бұдан былай біз республикада коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертеңгі жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұратын боламыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button