АҚШ коронавирустың шығу тегін зерттемекші
ВАШИНГТОН. 19 сәуір. АҚШ коронавирустың шығу тегін зерттейтін болады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Құрама Штаттардың президенті Дональд Трамп кеше Ақ үйде өткен брифингінде осы жайында сөз қозғады. Оның айтуынша, АҚШ пандемияның пайда болу жағдайын зерттеп, коронавирус инфекциясының тегін анықтауға күш салады.
«Таң қаларлық талай нәрсе болып жатыр, көптеген тексеру жұмыстары жүруде, біз де мұны анықтау ниетіндеміз. Бұл бізге Қытайдан келді, 184 мемлекет зардап шекті, бұл жақсы жәйт емес. Мұны қай жерде пайда болғанын анықтауымыз қажет», – деп мәлімдеді Трамп.
Бұдан алдын Дональд Трамп Вашингтонның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтататынын баяндаған болатын. Америка лидерінің сөзіне қарағанда, «коронавирустың тарап кетуіне жол берудегі кемшіліктер мен оны жасыру себептері» анықталғанша, бұл шара күшінде тұра береді.
Соңғы мәліметтер бойынша, індетті жұқтыру мен одан қайтыс болудың саны жөнінде АҚШ бұрынғысынша көш бастап келеді. Онда 670 мыңнан астам адам инфекция жұқтырып алып отыр, ал қайтыс болғандар 37 мыңнан асып кетті.